русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 24.12.2020

Бірінші кезекте – халықтың қауіпсіздігі
24 желтоқсанда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң қызметкерлері жыл сайынғы кәсіби және медициналық тексеруден өтті. Сізге мұны білу не үшін қажет? Бұл, ең алдымен, сіз үшін жасалатындықтан.
15 қазанда Денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқарушы Марат Шорановтың кейбір мақсатты топтардың медициналық тексеруден өтуі қажет екені туралы бұйрығы шықты. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң қызметкерлері де осы топтардың біріне жатады. Бұл тексеруден су сынамаларын дайындаумен айналысатындар өтеді. Су сынамаларын дайындау – бұл келесі зерттеуге дайындау үшін сумен жасалатын әрекеттер жиынтығы. Сондай-ақ, медициналық тексеруден сумен жабдықтау желілерін, сумен жабдықтауды пайдалануға қатысатын қызметкерлер өтеді. Бұл, атап айтқанда, біздің қаламыздағы су қабылдағыштардың қызметкерлері және барлық пайдалану аймақтарындағы сумен жабдықтау, кәріз жүйелерін жөндеумен айналысатындар. Қызметкерлер туберкулезге, ағзадағы паразиттерге және әртүрлі жұқпалы ауруларға міндетті түрде тексерілуі керек. Сонымен қатар, олардың көру, есту қабілеттері тексеріледі, венерологиялық ауруларға тексеру жүргізіледі және т.б. Мұның бәрі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і есебінен, қызметкерлер үшін ақысыз түрде жасалады. Алайда, егер қызметкер медициналық және кәсіптік тексеруден жалтаруға шешім қабылдаса, оған үлкен айыппұл салынады. Бірақ, жалпы, су жүйесінде мұндай адамдар жоқ, өйткені емханада кезекте тұрмай және жұмыстан сұранбай, толыққанды сапалы тексеруден өтуге мүмкіндік бар.
Қызметкерлерге медициналық тексерусіз жұмыс істеуге тыйым салынады. Өйткені кейбір анықталмаған кезінде инфекция суға түсіп кетуі мүмкін және бұл өте қауіпті, себебі эпидемия басталуы мүмкін. Сондықтан сумен жабдықтау және су бұру сияқты стратегиялық маңызды объектіге қызмет көрсететін ұйымдар ең алдымен тұрғындардың денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
Әрине, қызметкерлердің де денсаулығын сақтау маңызды фактор болып табылады. Адам өзін жақсы сезінгенде, ол тиімді жұмыс істейді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары