Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.12.2020
Кәсіпорын қызметкерлерін аттестаттау
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де компания қызметкерлерін аттестаттау аяқталды. Ол үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бұл процедурадан инженерлік-техникалық құрамның қызметкерлері өтті. Арнайы комиссия, оның төрағасы – бас инженер Р.Шамсутдинов, құрамында бас директордың орынбасарлары, аппарат басшысы және басқа сарапшылар – су қабылдағыштар, зертханалық және басқа құрылымдық бөлімшелер жұмысшыларының теориялық және практикалық білімдерін тексерді. Негізгі мақсат – кәсіпорынның кадрлық резервін толықтыра алатын білікті жұмысшыларды анықтау.








