Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 27.12.2020
Шымкентте коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгермейді
Бұл туралы брифингте Шымкент қаласындағы табиғи монополияларды реттеу комитетінің бөлім бастығы Д.Қайынбердиев мәлімдеді.
Шымкент қаласы әкімдігі мен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бірлескен жұмысы нәтижесінде коммуналдық қызметтердің бағасы 2020 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
- Тарифтарды реттеу департаменті жұмысының нәтижесінде 2019 жылдан бастап тұтынушылардың үнемдеген ақшасы 13 млрд. Өткен жылы 4 миллиард теңге үнемделген болса, биыл 2,76 миллиард теңге. Уақытша өтемақы тарифі 1 миллиард теңгені құрады, төтенше жағдай кезінде 40 миллион теңге, жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу кезінде 65,8 миллион теңге қайта есептелді, - деді Д.Қайынбердиев.
Сонымен қатар, тұрғындардың үндеуіне сәйкес тұтынушылардың үнемдеуі 1,745 млрд теңгені құрады, тұтынушыларға 320,6 млн теңге негізсіз төлемдер қайтарылды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 миллиард теңгені үнемдеу жоспарланып отыр. Осылайша, қалада 210 мың абоненттің құқығы қорғалатын болады.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, 109 бірыңғай байланыс орталығының тегін нөміріне қоңырау шала аласыз.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты