Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 29.12.2020
2020 жылы таза ауыз су жеткен ауылдар едәуір көбейген
Әрбір ауылға, оның ішінде шалғай елді мекендерге сапалы ауыз су бару үшін топтық су құбырларын салып, реконструкция жасау керек.
Бүгінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша жалпы ұзындығы 15,5 мың км құрайтын 74 топтық су құбыры бар. Оның ішінде 13 мың км болатын 37 су құбыры республикалық меншікте. Олар 1,1 млн адам тұратын 608 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтиды.
2020 жылы жұмысы аяқталған нысандар саны көбейді. Олардың ішінде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең топтық су тартқышы. Осы жылы жүзеге асқан тағы бір жоба – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Кенашы жер асты сулары кен орнынан Жымпиты ауылын сумен жабдықтау. Бұдан бөлек Қызылорда облысындағы Жиделі топтық су құбырының пайдалануға берілуі нәтижесінде 14,5 мың адам тұратын 8 ауыл сапалы ауыз суға қол жеткізді.
Министрлік 2022 жылдың соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған үш жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бүгінде қалалардың 97,2%-ы, ал ауылдардың 86,4%-ына орталықтандырылған сумен жабдықтау жеткен. 5 жыл ішінде елде 3 мың шақырым топтық су құбырлары салынады. Осылайша, ауыз сумен қамту 100%-ға жеткізіледі.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты