Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 30.12.2020
Енді мүгедектерге бірқатар қызметтерді онлайн режимінде рәсімдеуге болады
30 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электронды үкімет порталында (бұдан әрі – eGov порталы) бірқатар қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын ұсыну үшін құжаттарға электрондық өтініштер беру мүмкіндігі іске асырылды.
Енді eGov порталында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтеріне жүгіне аласыз:
- есту қабілеті нашар адамдарға ымдау тілі бойынша қызмет көрсетуге арналған құжаттар (жылына 60 сағат);
- қозғалуы қиындаған бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
- мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша құжаттар;
- мүгедектерді дыбыстық-техникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша құжаттар;
- мүгедектерді мүгедектер арбаларымен қамтамасыз етуге арналған құжаттар;
- мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге арналған құжаттар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үйден шықпай-ақ, eGov порталы арқылы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерге жүгіне алады, содан кейін әлеуметтік қызметтер порталында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, өздеріне тиесілі оңалтудың техникалық құралдарын, қызмет көрсетушіні таңдай алады, сондай-ақ тауарларды жеткізу түрін көрсете алады (өздігінен алу немесе жеткізу), жеке оңалту бағдарламасы толық іске асырылғанға дейін өтініштің мәртебесін қадағалай алады. Енді қызмет алушыларға қағаз түріндегі құжаттарды ұсыну үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарына келудің қажеті жоқ.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты