русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.01.2021

Жеке шотыңызды қалай білуге болады?
Көптеген тұтынушылар төлемдердің цифрлық әдістерін енгізуге байланысты сумен жабдықтау және су бұру бойынша жеке шотын білгісі келеді. Мұны сіз қалай жасай алатыныңызды түсіндіріп өтейік.
Виртуалды көмекшілермен, сондай-ақ коммуналдық төлемдер үшін банктік төлем жүйелерімен жұмыс істеуге арналған Telegram және WhatsApp қосымшаларына тіркелу кезінде сіз таңдалған қызмет үшін жеке шот нөмірін, мысалы, сумен жабдықтау бойынша енгізуіңіз керек.
Жеке шотыңызды білу үшін сізге ескі түбіртек – бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) қажет. БТҚ-ң жоғарғы жағында осы құжаттың жеке шот нөмірі бар, оны сумен жабдықтау бойынша жеке шотпен шатастырмаңыз. Сумен жабдықтау қызметтері үшін есептеу жолында түбіртекте жеке шоттың нөмірі көрсетілген. Ол сол жақта. Фотосуретке қараңыз.
Тағы бір нюанс. Егер сіз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін Kaspi қосымшасында басқа коммуналдық төлемдерден бөлек төлегіңіз келсе, іздеуге ТОО «Водные ресурсы-Маркетинг» деп енгізуіңіз керек.
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге әлеуметтік желілер арқылы, сонымен қатар WhatsApp: +77057581111, +77019892219 арқылы жаза аласыз.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары