Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.01.2021
Судың шығынына қарсы күрес
Судың шығынын азайту – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басым міндеттерінің бірі. Кәсіпорында шығындармен тиімді күресу үшін қажетті жабдықтар, машиналар мен мамандар бар. Желідегі жасырын ағып кетуді есептеуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізілуде.
Аралық нәтижелерді қорытындылау үшін ай сайын бас директордың орынбасарларының, аудандық су арналары мен эксплуатация қызметтері басшыларының қатысуымен техникалық кеңес өткізіледі. Жетістіктер мен олқылықтар қарастырылып, судың ысырабын азайту жоспарлары әзірленіп, түзетіледі.
«Шығындарды азайту бойынша жұмысты бірнеше түрге бөлуге болады. Біріншісі – су балансын талдау. Біз су қабылдағыштан соңғы тұтынушыға дейінгі судың қозғалысын бақылап отырамыз. Яғни, біз ағынның квартал мен көшедегі су есептегіштері арқылы өтуін бақылаймыз. Стационарлық және жылжымалы шығын өлшегіштер қолданылады. Алынған мәліметтер талданады, осылайша шығындар пайда болатын әлсіз жерлерді анықтауға және болашақта проблеманы жоюға болады», - деді Бекжан Ешімбетов,«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары.
Тағы бір әдіс – әртүрлі құрылғыларды пайдалану. Мысалы, корреляторлар (олар құбырларға орнатылады), течеискательдер мен дыбыс деңгейін өлшегіштер. Бұл жабдықтардың барлығы диагностикалық бөлімнің қарауында, құрылғыларды пайдалану қазуды қажет етпейді, яғни сыртқы зерттеулер жүргізіледі.
«Біз сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге көмектесетін шетелдік серіктестермен жұмыс істейміз. Олардың арқасында біз болашақта диспетчерлік қызмет арқылы судың ысыраптарын он-лайн режимінде қадағалап, жедел әрекет ете аламыз», - деді Бекжан Ешімбетов.
Әрине, ысырапты төмендетудің тағы бір тәсілі – ескі құбырларды жаңарту, бұған қаражат «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң инвестициялық бағдарламасында қарастырылған.
«Егер сіз құбыр жарылуының немесе ағып кетудің куәгері болсаңыз – біздің диспетчерлік қызметке қоңырау шалыңыз немесе бұл туралы әлеуметтік желілер арқылы хабарлаңыз, бізде кері байланыс бар. Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береміз», - деп «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары Шымкент қаласының тұрғындарына жүгінді.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты