Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.01.2021
«Сулы барьер» құрылысы 2021 жылы жүзеге асады
2021 жылдың мамыр айында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң тазарту қондырғылары кешенінде «Сулы барьер» деп аталатын технологияны енгізу жоспарлануда. Бұл технологияның негізгі міндеті – айналаға жағымсыз иістердің таралуын шектеу.
Тазарту қондырғылары кешенінің басшысы Ирина Казаринованың мәлімдеуінше, құрылғы сатып алынды. Көктем мезгілінде монтаждық жұмыстар мен жүйенің кейінгі техникалық іске қосуы жүзеге асырылады. Жүйе тазарту қондырғылары бойымен тартылған жіңішке құбырлардан құралады. Ол құбырлармен суға араластырылған арнайы химиялық реагент жіберіледі. Бұл сұйықтық мерзім-мерзімімен ауаға шашылып, оны қаптап, қорғаныс жасайды.
Жұмысқа биогаз қондырғысы қосылғалы бері айналаға экологиялық жүктеме едәуір төмендеді. Метантенктерде биогаз өндіру барысында тұнбадан барлық белсенді заттар «сорылады». Сондықтан тұндырғыштарға жағымсыз иісі жоқ тұнба келіп түседі. Дегенмен, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығы «Сулы барьер» жүйесін орнатуға шешім қабылдады. Бұл жақын маңайдағы елді мекендер тұрғындарының қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін жасалуда.
«Егер жоба өзін-өзі ақтаса, онда оның көлемін Албасты сайға дейін кеңейтеміз», - деп тазарту қондырғылар кешенінің тұнбаларды өңдеу цехының басшысы Игорь Гасанов мәлімдеді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты