русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 14.01.2021

Суға тарифтерді енді мәслихаттар бекітетін болады
Енді қазақстандық ауылдардың тұрғындары ауыз суға аз төлейтін болады. Су тарифтерін мәслихат бекітетін болады. Елдің су кодексіне тиісті өзгерістер Сенатта қабылданды.
Бүгінгі күні ауылдарда ауыз суға тарифтер қалаларға қарағанда жоғары. Бұған ауылдардың географиялық қашықтығы, сумен жабдықтау инфрақұрылымын салудың жоғары құны, сондай-ақ халықтың төмен тығыздығы сияқты факторлар ықпал етеді. Аймақтардағы судың құнын төмендету үшін шығындардың бір бөлігін мемлекет көтереді.
Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Ұсынылып отырған нормалар аймақтардың дамуына және жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Субсидиялардан басқа сенаторлар су тарифтерін бекітудің жаңа механизмін мақұлдады. Енді мәслихаттар осындай өкілеттіктерге ие болады. Жаңа тарифті қабылдаған кезде депутаттар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейін ескеруі керек. Бұл ретте ауыл тұрғындары үшін тариф орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары