Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 18.01.2021
Суды үнемдеу мәселесі бірінші кезекке шығып отыр
Қазақстанда су тапшылығы соңғы жылдары қатты біліне бастады. Сондықтан ылғалды аз қажет ететін, сұранысқа ие дақыл түрлеріне көше қажет. Саладағы бірқатар сарапшылар осындай пікір айтып отыр.
Қазақстанда су тапшылығының алдын алу шараларының қатарында суарудың су үнемдеу технологияларын қолдану, суару желілерін қайта жаңарту, магистральдық арналарды цифрландыру, жаңа су қоймаларын салу және күріш егістігін 29 мың гектарға қысқарту бар.
Алматы облысында күріш егетін белгілі ауыл шаруашылығы мамандарының пікірінше, күріш егістігін қысқарту топырақтың құнарына кері әсерін тигізеді.
«Water Hub» Халықаралық зерттеу орталығының директоры А. Алматы облысы фермерлерінің алаңдаушылығы негізсіз деп санайды.Фермерлерге биылдан бастап күріш егуді тоқтатуға міндеттесе олардың алаңдаушылығын түсінуге болар еді. Министр суармалы жерлерде мақта, күріш, бидай егістерін біртіндеп, кезең-кезеңмен қысқарту туралы міндет қойып отыр, оны дұрыс деп санаймын.
Қазақстан Су шаруашылығы қауымдастығының президенті Нұрлан Атшабаров су ресурстарын пайдалану қажеттігінің бірқатар себептерін алға тартты. Сарапшының сөзінше Қазақстанда су тапшылығы соңғы екі жылда айтарлықтай байқала бастаған.«Су көлемінің жартысына жуығы республика аумағында қалыптасады. Қалған бөлігі – трансшекаралық сулар, олардың көлемі халықаралық шарттар мен келіссөздер есебінен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда аталған екі су нысаны да соңғы уақытта төмендеп жатыр. Сондықтан экономика салалары мен экологиялық қажеттіліктерді сумен қамтамасыз ету үшін суды үнемдеу мәселесі бірінші кезекке шығып отыр. Қазір су лимиттерінің негізінде ауыл шаруашылығы дақылдары мен олардың алаңдарының құрамын қалыптастыру маңызды», - деп есептейді Н.Атшабаров.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты