Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 20.01.2021
Алматы қаласының 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Жұмыс сапары барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін салынып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысымен танысты.
«Наурызбай ауданының 50 мыңға жуық тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қарғалы су қабылдайтын және сүзетін станциялары салынуда. Биыл станцияны төрт шағын ауданмен байланыстыратын магистральдық желілердің құрылысы басталады», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.








