Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 21.01.2021
Қазақстанда екі мыңға жуық ауыл тұрғындары ауыз суға қол жеткізе алмай отыр
Қазақстанда 2020 жылдың соңында 1926 ауылдың тұрғындары ауыз суға қол жеткізе алмайтыны белгілі болды. 1926 елді мекеннің 838-і шағын ауылдар, олардың әрқайсысында 200-ден аз тұрғын бар.
Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы қазақстандық билік халықтың ауыз суға қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 304 жобаны іске асыруға бюджеттен 113 миллиард теңге бөлді.
2021 жылы Қазақстанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам тұрғыны бар 793 ауылда сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта құру жұмыстары жалғасуда. 200-ден аз адам тұратын елді мекендерде суды кешенді тазартуға арналған блоктық модульдер орнатылады.
Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай елдің барлық тұрғындары ауыз су қызметіне қол жеткізеді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты