Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.01.2021
Финдік әріптестермен бейнеконференция
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і шығындарды азайтып, сумен жабдықтау желісіндегі су ағынын қатаң бақылауға алмақ. Компания цифрландыру жүйесін барлық қызмет салаларына белсенді түрде енгізіп жатқанын айтып өтейік.
Мекеменіңоқу орталығында финдік «Uros» компаниясының әріптестерімен бейнеконференция өтті. Екі сағат ішінде желілерді гидравликалық бөлуге және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су ағынының біркелкі бөлінуіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
«Uros» компаниясы оларға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і ұсынған мәліметтер негізінде қол қойылған меморандумға сәйкес желілер арқылы су тарату жүйесін дамытады. Біздің компания өлшеу, қысыммен басқару және технологиялар туралы деректерді әзірлеу үшін финдік компанияға ұсынған. Финдіктердің келесі қадамы – алынған деректерді су ағындарын бөлу модулін құру үшін пайдалану.
Осындай конференциялар Финляндиядағы әріптестермен үнемі өткізіліп тұрады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басты мақсаты шығындардың айтарлықтай төмендеуі болып табылады. Жасыратыны жоқ, бүгінде бүкіл әлемде су тапшылығы сезіліп отыр. Кейбір елдерде адамдар шөлдерін тек импортталған сумен қанағаттандыра алады. Ал тапшылық жыл сайын артып келеді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і көптеген жылдар бойы ауыз суды бақылау мен өлшеудің заманауи жүйелерін сәтті енгізуде.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты