Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 10.02.2021
Ынтымақ-2 ықшамауданында инфрақұрылымдық жүйелердің құрылысы жүруде.
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы бірқатар шағын аудандарда инфрақұрылым жүйелері салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов Ынтымақ-2 ықшамауданындағы ауыз су құбыры құрылысының барысымен танысты. Бұл ықшамаудандағы инфрақұрылым жүйелері мәселесі қала әкімінің тікелей бақылауында. Жақында аудан әкімінің қорытынды есебінде тұрғындар өз проблемаларын айтып өткен болатын.
«Компания Ахмет» ЖШС мердігері құрылысты өткен жылдың мамыр айында бастаған, ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құны 1 199,6 млн. теңгені құрады. Мердігер құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр. Қала әкімі, сонымен қатар, шағын ауданның батыс бөлігіндегі ауыз су жүйесінің құрылысымен танысты. Жоба құны 1 971,8 млн. теңге болды. «Мелиоратор» ЖШС мердігері нысан құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отыр. Жергілікті тұрғындардың тілектерін тыңдаған қала әкімі мердігер компаниялардың өкілдеріне жұмысты жоғары сапада орындауды және мерзімінде аяқтауды тапсырды. Тұрғындарға жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқандығы айтылды. Аудандағы 34 елді мекеннің 22-сі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2021 жылы облыста Жаңаталап, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан және Теріскей елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 25 мыңға жуық тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмекші. Сонымен қатар, 2021 жылы осы ықшам ауданында құны 840,4 миллион теңгені құрайтын электр және табиғи газ жүйелерінің құрылысы жоспарланған.
барлық дауыс: 5564
дауыс мұрағаты