Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.02.2021
«Су Ресурстары-Маркетингі» ЖШС бөлімшелерінде қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайлары тексерілуде.
Абоненттермен жұмыс жүргізетін және сумен жабдықтау мен кәріз желілеріне қызмет көрсететін бөлімшелер Шымкенттің әр түкпірінде орналасқан. Пандемия кезінде, кәсіпорын әкімшілігі санитарлық-тұрмыстық жағдайларға үлкен назар аударуда. Бұл іс-шара барлық қызметкерлердің жұмыс орнында қауіпсіз және жайлы сезінуі үшін жасалынып отыр.
«Санитарлық-тұрмыстық жағдайды тексеру үшін, арнайы комиссия құрылды. Егер кемшіліктер анықталса, фото және видео жазба жасалады, актілер жасалады және мұның барлығы кәсіпорын басшылығына беріледі. Содан кейін, анықталған кемшіліктерді жою үшін, тиісті шаралар қабылданады», - деп түсіндірді, БҚ «Су шаруашылығы қызметкерлерінің вокалдық кәсіподағының» төрағасы Сакенов Абиддин Зейлабдинұлы.
Өткен жылы анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша, шаралар қабылданғанын атап өткен жөн. Биылғы жылы елеулі кемшіліктер әлі анықталған жоқ.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты