Жаңалық - Микс
новость от 15.02.2021
Ақын Шөмішбай Сариев қайтыс болды.
Ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген.
Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған. Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003). «Тарлан» сыйлығының иегері (2004). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен бұл дүние шолақ екен...
Иманды болсын! Отбасына, ел-жұртына көңіл айтамыз...
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты