русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Пайдалы кеңестер

новость от 17.02.2021

Судың қысымы әлсіз. Не істеу керек?
Шымкенттің кейбір тұрғындары судың төмен қысымы проблемасына тап болуда. Мұндай жағдайларда қайда бару керектігін және қалай әрекет ету керектігін айтуға тырысамыз.
Төмен қысымға байланысты өтініштер «Су Ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне түскен кезде, қиыншылыққа тап болған үйге аудандық су арнасынан кезекші топ жіберіледі (жеке немесе көп қабатты үй, бұл маңызды емес).
Мамандар ең алдымен, орталық су өткізгіштердегі судың қысымын өлшейді, содан кейін, жергілікті желілерді тексереді. Көбіне су қысымының төмендеуіне жер астынан судың жасырын ағуы себеп болады. Қала тұрғындарының түсірген өтініштерінің арқасында проблемалы аймақтар анықталып жатады.Егер орталық желілерде қысымның төмендеуі байқалмаса, онда топ шағын диаметрлі су өткізгіштерді зерттеуге кіріседі.
Жеке секторларда, слесарлар су есептегіш құралдары орналасқан жерде және тұрғын үйдің ішінде су қысымын өлшейді. Осы екі нүктелер арасында су кетуі мүмкін.
Көп қабатты үйлерде, жалпы үйдің су есептегіш құралынан кейінгі жерде су қысымы өлшенеді. Кейбір жағдайларда, көп қабатты үйдің жалпы су есептегішінің сүзгісі тазартылады, бірақ бұл жиі бола бермейді және міндетті түрде, су қысымы шағымданған абоненттің пәтерінде өлшенеді . Егер сіздің үйіңізде судың қысымы төмен болса, алдымен көршілеріңізден су қысымының сапасын білгеніңіз жөн. Егер оларда да осындай жағдай болса, «ВРМ» ЖШС диспетчерлік қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 321-274, +77081102121.
Бірақ егер көршілеріңізде су қысымы дұрыс болса, онда сіз өзіңіздің су құбырларыңызды тексеруіңіз қажет болады . Яғни крандар мен сүзгілерді тазалаңыз. Кейде олар да қысымның төмендеуіне себеп болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары