русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Микс

новость от 17.02.2021

Шымкенттік тұтынушылар жылу үшін төленген 3,34 млн. теңгені қайтып алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, жылу энергиясының қымбаттауына және сапасыз жылуға қатысты қала тұрғындарының шағымдары негізінде, жылу жеткізуші "Қуатжылуорталық-3" МКК компаниясын тексеру нәтижелерін шығарды. Бұл компания тиісті акт жасамастан және тұтынушылардың келісімінсіз жылу энергиясы үшін қосымша төлем алып отырған. Нәтижесінде, 2020 жылғы қазан, қараша, желтоқсан айларында Шымкент қаласының тұтынушыларына 1100 Гкал жылу энергиясы, яғни, жалпы сомасы 3 336 458,33 теңге негізсіз есептелген.
«Қуатжылуорталық-3» МКК компаниясына қатысты, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 5-бөлігіне сәйкес іс қозғалды, сонымен қатар, Шымкент қаласының тұтынушыларына жылумен жабдықтау қызметі үшін, жалпы сомасы 3336458,33 теңгені құрайтын негізсіз алынған кірістерді қайтару арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарылды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары