Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 21.02.2021
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 8 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ.
Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шығарды.
«Шымкент аумағында карантиндік және шектеу іс-шараларын 2021 жылдың 22 ақпанындағы сағат 00: 00-ден 2021 жылдың 8 наурызындағы сағат 00: 00-ге дейін ұзарту» - туралы мегаполистің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың жарлығында айтылған.
Құжатта, Шымкентте көпшілік жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, қоштасу, үйлену тойлары және басқаларын өткізуге тыйым салынған.
65 жастан асқан адамдар үшін қозғалысқа шектеу бар. Шымкенттің барлық тұрғындары бір-бірінен кемінде екі метр арақашықтықты сақтауы керек. Қаулыда көрсетілгендей, бетпердені барлық азаматтар тағуға міндетті.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты