Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 03.03.2021
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ ЖӨНІНЕН ҚАЗАҚСТАН 53-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
Коммуналдық қызметтердің қол жетімділігі жөнінен, Қазақстан әлем елдерінің рейтингінде ортада, 106-дан 53-орынды иеленді. Мұны «Numbeo» агенттігі ұсынды.
Негізгі коммуналдық қызметтер - электр қуаты, жылу, ауаны баптау, сумен жабдықтау және қоқыс жинау - Қазақстанда айына орташа есеппен 50,47 долларды құрады. Бірінші орындарды Непал, Нигерия және Өзбекстан алды - рейтингке енген елдер арасында ең арзан коммуналдық қызметтер тіркелген.
Ең «қымбат» елдер - Германия, Словения және Австрия. Қол жетімділік деңгейі бойынша Кувейт, Швеция және Катар алдыңғы қатарға шығады, мұнда негізгі коммуналдық қызметтер орташа жалақының үш пайызынан аспайды. Қазақстан бұл рейтингте 106-дан 53-ші орынды иеленіп, ортада тұр. Негізгі коммуналдық қызметтер халықтың таза жалақысының 12 пайызын құрайды. Коммуналдық қызметтері әлемдегі ең арзан елдердің бірі саналатын Өзбекстан бұл рейтингте 47-ші орынға (11,4 пайыз) ие екеніне назар аударыңыз. Яғни, біз - Қазақстан Өзбекстаннан да төменде тұрмыз .
барлық дауыс: 5544
дауыс мұрағаты