Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.03.2021
МИНИСТР «СУ РЕСУРСТАРЫ – МАРКЕТИНГ» ЖШС ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-не келген болатын. Ол кәсіпорын енгізген жаңа технологиялармен танысты.
Бағдат Батырбекұлына орталық диспетчерлік қызметтің жұмысы көрсетіліп, ЦДС жұмысында қолданылатын цифрлық технологиялар туралы айтты. Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман қысым датчиктерінің жұмысын және жедел топтардың қызметін бақылауды айқындап көрсетті.
Министрге тазарту құрылыстары кешенінің жұмысы және биогазды орнату, тоқсандық және жалпы су есептегіштерінен көрсеткіштерді қашықтықтан алуға арналған таратқыш құрылғыларды пайдалану, апаттар мен су кетулерді жою үшін геоақпараттық жүйені пайдалану туралы және тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін енгізілген виртуалды көмекшілер (чот-боттар) туралы таныстырып өтті.
Мусин мырзаны автоматтандыру және цифрландыру процестері қатты қызықтырды. Ол «Жақын уақытта кәсіпорында жинақталған мәліметтер массиві көптеген салаларда нақты болжам жасауға және бұл жұмыс күші мен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді»- деді. Ол мысалы, виртуалды көмекшілерге ЭСҚ қосу және IS-Card ақылды есептегіштерін, жаңадан салынып жатқан үйлерде жеке су есептегіштері ретінде кеңінен енгізу туралы бірқатар ұсыныстар жасады. Бұл су есептегіштері адамның араласуын қажет етпейді, олар толығымен автоматтандырылған. Министр сонымен қатар, сандық технологиялардың арқасында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де басқа қалалардағы осындай кәсіпорындарға қарағанда, жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер шамамен жарты есе аз деген ақпаратқа таңданды.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты