Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 11.03.2021
Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды.
«Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған . Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауларында жауын-шашын аз түсуде, қыста қар аз», - деп мәлімдеді ол.
Ведомство басшысының сөзінше, аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтаған.
«Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші болып табылады. Біз биыл көлдің түбін тазалау жобасын бастаймыз. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын , гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - деген М.Мырзағалиев.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты