Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.03.2021
Біз кәріз суларын механикалық және биологиялық тазарту әдістері туралы айтқан болатынбыз. 2017 жылы Шымкент қаласының тазарту құрылыстары кешенінде биогаз орнату жұмыстары жүргізіліп, маңызды мәселе шешілген еді, яғни, белсенді тұнбаны (ила) кәдеге жарату. Осының арқасында КОС қосымша жылу және электр энергиясын ала бастады, сонымен қатар, экологиялық ортаға ауыртпалық айтарлықтай төмендеді.
2017 жылға дейін, белсенді тұнба ил арнайы логқа шығарылатын, онда ол жиналып, кебетін. Қала осы сәтте тазарту қондырғыларына жақындай бастаған еді, сондықтан, жағымсыз иіс жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын әбден шаршатқан болатын. Тұнбаларды өңдеу цехы іске қосылғандықтан, жағымсыз иіс енді өзекті мәселе емес.
Механикалық және биологиялық тазартудан кейін, тұнбаның екі түрі қалады – бастапқы тұндырғыштардың тұнбасы және қайталама тұндырғыштардан кейін, шамадан тыс белсенді тұнба ил. Тұнбаларды арнайы резервуарға жібереді, ол жерден қыздырылған сұйық масса жылу алмастырғыштардан өтіп, 15 метрлік үлкен метантенктерге түседі. Мұнда бактериялар қайтадан іске қосылады, резервуарларда ашыту басталады, соның арқасында, метан шығады.
Ашыту кезінде, барлық белсенді заттар ила тұнбасынан шығарылады, содан кейін, ферменттелген тұнба ила "тұнба карталарына" жіберіледі. Айтпақшы, кептіруден кейін, бұл ил тұнбасын органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болады, онда ауыр металдар мен гельминт жұмыртқалары жоқ.
Ал бөлінген газбен әлі де жұмыс істеу керек. Оны қазандықтарда және газотурбиналық қондырғыларда жағу үшін, метанды күкірттен тазарту керек. Жер асты құбыры арқылы газ күкірт тазарту станциясына барады. Осыдан кейін, тазартылған биогаз газгольдерге – үлкен екі мембраналық шарға сақтауға жіберіледі. Газгольдерден биогаз қысымды арттыру станциясына, сол жерден қазандық пен генераторға барады. Қазандықта өндірістік үй-жайлар мен қондырғыларды жылыту жүйелеріне арналған су жылытылады. Ал қуатты қозғалтқыш генераторда электр энергиясын өндіреді. Процесс кезінде пайда болған барлық артық жылу энергиясы кәсіпорынның пайдасына қолданылады. Барлық процестер автоматтандырылған және қондырғы операторлары онлайн режимде бақылап отырады. Шымкенттегі тазарту кешенінде биогазды орнату Орталық Азиядағы жалғыз нысан. Оның тәулік бойы жұмыс істеуін сауатты қызметкерлер қамтамасыз етеді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты