русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 16.03.2021

Бұл сұрақ барлық жаңа үй иелері үшін маңызды. Егер барлығы нормалар мен ережелерге сәйкес жасалса, болашақта ешқандай қиыншылықтар болмайды. Ал, енді біз жаңа жеке үйді су желісіне қосу алгоритмін түсіндіре кетейік.
Ең алғашқы қадам техникалық-шарттарды алу. Оларды алу үшін, сумен жабдықтау ұйымына, яғни "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжатты, жер телімінің мемлекеттік актісі және egov.kz-тан жеке меншік құқығы туралы көшірмені ала келесіз. Тағы бір маңызды нюанс – жер телімінің топографиялық түсірілімі. Жер асты құбырлары жер телімі арқылы өтуі мүмкін, құрылыс кезінде санитарлық қорғау жолағын сақтау маңызды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де болашақ абонентті желіге қосу мүмкіндігі қарастырылады. Яғни, мамандар қолданыстағы желілерге қосылу мүмкіндігі бар-жоғын және қосымша нүкте үшін су қуатының жеткіліктілігін анықтайды. Техникалық-шарттарды беруге дайындық мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
Әрі қарай, абонент су желілеріне қосылу жобасын жасауы керек (бұл лицензияланған жобалау ұйымдарында жасалады) және тиісті лицензиясы бар мердігер ұйыммен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы келісім-шарт жасасуы керек. ҚМЖ орындалғаннан кейін, сумен жабдықтау ұйымы өкілдерінің қатысуымен гидравликалық сынақтар (желіні пайдалануға енгізгенге дейін сапасын тексерген дұрыс) және жуу жүргізіледі. Егер бәрі ойдағыдай болса, абонент сертификатталған суды есепке алу құралын сатып алып, оны арнайы бөлінген жайға (су өлшегіштері бар құдық немесе жәшік) орнатуы тиіс. Соңғы кезең, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен келісім-шарт жасасу және сумен жабдықтау бойынша дербес шот алу.
"Су құбыры және кәріз басқармасы" мемлекеттік қызмет көрсету аймағында тұратын абоненттер техникалық-шарттарын алу үшін осы ұйымға жүгінулері қажет.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары