Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 28.03.2021
БЖЗҚ-ҒА АҚШАНЫ ҚАЙТАРУ ТҮЙМЕСІ ОТБАСЫ БАНКІНІҢ САЙТЫНДА ПАЙДА БОЛДЫ.
"Онлайн-платформада enpf-otbasy.kz 25 ақпаннан бастап "ЖЗҚ-ға ақша қаражатын қайтару" батырмасы іске қосылды. Енді, егер сіз өтінімді дұрыс жасамаған болсаңыз, алынған қаражатты қайтару үшін, 45 күн күтудің қажеті жоқ. Сіз арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдерін алғаннан кейін, онлайн-платформаның жеке кабинетінде БЖЗҚ шотына қаражатты қайтара аласыз", - деп хабарлады "Отбасы банкі" баспасөз қызметі.
Қаражатты үш қадаммен қайтаруға болады:
1. Сайтқа кіру enpf-otbasy.kz.
2. ЖЗҚ-ға қаражатты қайтарғыңыз келетін өтінімі бар қосымша бетті ашу.
3. "ЖЗҚ-ға ақша қаражатын қайтару"қызыл батырмасын басу.
Үш жұмыс күні ішінде қаражат "Отбасы банктің" арнайы шотынан ЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылатын болады. Ақша түскеннен кейін, қажет болған жағдайда, ақшаны қайта алуға өтініш жасауға болады.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты