Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 29.03.2021
ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ЖАС САРАПШЫЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРАДЫ.
Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының төртінші отырысына қатысты. Талқылау тақырыбы экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму мәселелері болды.
Ведомство басшысы жаңа экологиялық Кодекстің қабылдануын, сондай-ақ әрбір өңір бойынша Жол карталарын бекітуді экологиялық сауалдарды шешудің пәрменді құралы деп атады. Сонымен қатар, әзірленіп жатқан «2021-2025 жылдарға арналған Жасыл-Қазақстан» ұлттық жобасы туралы да айтылды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Су ресурстарын басқару бойынша ұлттық жобаны құру бойынша жұмыс істелініп жатыр. Жоба су теңгерімін сақтауға, жаңа ирригациялық жүйелерді салуға, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді және су үнемдеуге көмектеседі.
Және де министр елді көгалдандыру шаралары туралы да хабарлады. Кешенді жоспарлар бекітіліп, өңірлер бойынша қондыру көлемі анықталды. 2 млрд. ағаш отырғызуды мониторингтеу бойынша интерактивті карта жасау жоспарланып отыр. Наурыз мейрамында Мемлекет басшысының «Таза табиғат» жобасын іске асыру басталды. Сондай-ақ, ағаштарды кесу жауапкершілігін қатаңдату бойынша заңнамалық шаралар бекітілді.
Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ, жас сарапшыларды тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, экология мәселелерін шешу саласындағы бірлескен жұмысты күшейтуге шақырды.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты