Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 30.03.2021
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 9 ӨҢІРІНДЕ 39 ЖАҢА СУ ҚОЙМАСЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР.
Жалпы көлемі жылына 3,6 миллиард текше метр болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Іске асыру үшін 115 миллиард теңге қажет. 31 су қоймасы іске асырылу сатысында, оның ішінде: бір-бірден құрылыс жүргізілуде, 28-і бойынша ТЭН әзірлеу, үшеуі бойынша ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.
Су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға; жаңа суармалы жерлерді – 394 мың гектарды айналымға енгізуге; ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға; трансгринистік өзендер суының көлеміне тәуелділікті: Қырғызстаннан 30% - ға дейін, Өзбекстаннан 25% - ға дейін, Ресей Федерациясынан 15% - ға дейін алып тастауға мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты