Жаңалық - Микс
новость от 30.03.2021
СӘУІР АЙЫНДАҒЫ ВАКЦИНА ЕГУ.
Сәуір айында миллионнан астам қазақстандықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса отырып, вакцинациялауды кеңейту көзделеді. Министр Қазақстанда иммундаудан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелмегенін атап өтті.








