Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 05.04.2021
УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАСЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУҒА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУЛЕР ТУРАЛЫ.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы және ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі бұйрығы бойынша, Қазақстанда балықтардың уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде балық аулауға жыл сайын шектеулер мен тыйым салулар енгізілетінін хабарлайды.
Бұл шаралар өте маңызды, болмаса, кейбір балық түрлерінің едәуір азайып немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Мұндайға жол бермеу үшін, су бассейіндерінде балық аулауға бомайтын нақты күндер белгіленеді.
Мысалы, Арал-Сырдария бассейні бойынша, Шардара су қоймасы су айлағынан 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында, Түркістан облысы аймағындағы су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 15 сәуір мен 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынды. Балқаш-Алакөл бассейні бойынша, Балқаш көлінде 15 сәуір мен 1 маусым аралығында, Қапшағай су қоймасында және оған құятын барлық өзендер мен ағын суларда 5 сәуір мен 20 мамыр аралығында балық аулауға тыйым салынады.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты