Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 06.04.2021
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ.
Бағдарлама әріптестік қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, олардың әлеуетін нығайту үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасында тәжірибе алмасу сияқты маңызды іс-шараларды қамтиды. Осылайша, "Марқакөл" (Қазақстан) және "Катунский" (Ресей) мемлекеттік табиғи қорықтары бауырлас қорықтар форматында ынтымақтасатын болады деп жоспарлануда.
Бұдан басқа, "Үлкен Алтай" трансшекаралық биосфералық резерватының базасында тараптар қорық ісінің теориясы мен практикасы бойынша, жыл сайынғы далалық мектепті ұйымдастырады. Сондай-ақ, "Алтын Емел" ұлттық паркі бірқатар ресейлік қорықтармен келісімдерге қол қояды.
Бағдарламаның басқа бағыттарының ішінде - "Алтай" трансшекаралық резерватының шекарасындағы қоныс аударатын жануарлар түрлерінің санын бірлесіп есепке алуды көздейтін экологиялық мониторинг, Каспий теңізі акваториясының солтүстік бөлігіндегі қоныс аударатын құстар популяциясының бірлескен зерттеулері мен мониторингі бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.
Сонымен қатар, Бағдарлама ауқымындағы екі жақты ынтымақтастық трансшекаралық экологиялық туризмді дамытуға және экологиялық ағартуға да бағытталған.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты