Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 07.04.2021
USAID ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ.
Жоба бес жылға есептелген және трансшекаралық су ресурстарын басқару және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде экологиялық тәуекелдерді төмендету мәселелерінде Орталық Азия мен Ауғанстанның бес елі арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
USAID Орталық Азия бойынша өңірлік миссиясының директоры Кристофер Эдвардстың айтуынша, Қазақстан бүгінде су ресурстарын қорғау саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізді.
"Жақында қабылданған жаңа экологиялық кодекс елдің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бейілділігін көрсетеді. Біз Орталық Азия мен Ауғанстан халқына тұрақтылық, экономикалық өркендеу мен тұрақты экожүйелер әкелуге көмектесетін жаңа жоба шеңберіндегі ынтымақтастығымызға сенеміз", – деп атап өтті ол.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты