Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.04.2021
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ШАҒЫМ ЖОҚ.
Шымкент қаласындағы табиғи монополияларды реттеу департаменті ай сайын азаматтардың виртуалды қоғамдық қабылдауларын өткізеді. Соңғы кезде, бұл іс-шара коммуналдық өндіріске барумен өткізіліп, ал тікелей эфир Facebook әлеуметтік желісінде жүргізілуде.
Бұл қоғамдық қабылдауларға барлық тасымалдау қызметін көрсетушілер мен қоғамдық және партиялық ұйымдардың өкілдері қатысады. Тұтынушылар өз сұрақтарын тікелей қойып, оған жауаптары мен шешімдерін тез арада ала алады.
6 сәуірде қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Қуатжылуорталық-3» МКК кәсіпорнында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шара барысында қоғамдық қабылдауға қатысушылар, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қатысты тұтынушылардан сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ. Тұтынушылар бізбен тікелей әлеуметтік желілер арқылы байланыса алады немесе whatsapp: +77057581111 нөміріне жаза алады.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты