Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.04.2021
ҰТЫС-ОЙЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің Telegram қосымшасындағы виртуалды көмекшінің (чат-бот, сілтеме: wrm_bot) қызметін пайдаланатын тұтынушылар автоматты түрде тіркеліп, конкурсқа қатыса алады.
2. Осы қосымшаға тіркелмеген абоненттер ұтыс ойынына қатыса алмайды.
3. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС апта сайын ұтыс ойынына қатысатындарға сумен жабдықтау және кәріз қызметтері үшін, белгілі бір көлемде сыйлық сертификатын ұтып алу мүмкіндігін ұсынады. Көлемі текше метрмен есептеледі.
4. Ұтыс ойыны кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жүзеге асырылады. рандомайзер ретінде randomus.ru веб-қызметі таңдалды.
5. Ұтыс ойынының ашықтығын қамтамасыз ету үшін, оны өткізу «vrmshymkent2018» кәсіпорынның аккаунты арқылы Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілетін болады.
6. Ұтыс ойынының жеңімпаздары –тұтынушылар болады,олардың жеке шоттарын кездейсоқ сандар генераторы таңдайды..
7. Ұтыс ойыны әр сейсенбі сайын сағат 15:00-ден 15:30-ға дейін (шартты түрде) өткізіледі.
8. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тұтынушының жеңіп алған қызмет көлемін кәсіпорын төлейтіндігіне кепілдік береді. Соның ішінде ағымдағы қарыздар мен алдын-ала төлем қарастырылған.
9. 9.Тіпті, ұтыс-ойыны туралы білмейтін абонент жеңімпаз бола алады. Негізгі шарт - компанияның чат ботына тіркелу.
10. Жеңімпаздардың тізімдері «Су Ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
11. Ұтыс ойынының жеңімпаздары сыйлық сертификаттарымен марапатталады.
12. Жеңімпаздар келесі ұтыс ойындарына автоматты түрде қатыса алады.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты