Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.04.2021
«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС ТӘЖІРИБЕСІ МҰҚИЯТ ЗЕРТТЕЛУДЕ.
Кәсіпорын көбінесе, Үкіметтен және басқа да мемлекеттік құрылымдардан келген жоғары мәртебелі қонақтардың келу объектісіне айналуда."Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не сәтті енгізіліп жатқан жабдықтар, жаңа технологиялар, міндеттерді ерекше шешуді және басқару тәжірибесін мемлекеттік органдардың өкілдері мұқият зерделейді.Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сумен жабдықтау және кәріз саласындағы қызметтің дәл осындай нысаны бүгінде тиімді болып табылады, ол мемлекеттік бюджетке қосымша жүктеме әкелмейді.
"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ өкілдері Шымкенттің кәріз-тазарту құрылыстарын аралады. Акционерлік Қоғам Басқармасы төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков пен Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов кәріз суларын жеткізу, бөлу және тазартудың барлық сатыларымен таныстырылды. Қонақтарға Шымкенттің су жабдықтау және кәріз-тазарту құрылыс жүйесі туралы "Су ресурстары-Маркетинг "ЖШС бас директоры Анарбек Орман айтып таныстырды, сонымен қатар, қонақтардың қосымша қойылған барлық сұрақтарына жауап берді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тәжірибесі "ТКШ ҚазОрталығы"АҚ-ның қарулануына алынуы мүмкін.
Бұл ұйымның мақсаты, нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету, халықтың сауаттылығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, коммуналдық кәсіпорындарды жетілдіру, инновациялық және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Сондай-ақ, тұрғын үй қатынастарын дамытудың жаңа құралдарын жасау, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және ТКШ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты