русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.04.2021

«СУ РЕСУРСТАРЫ - МАРКЕТИНГ» ЖШС-ДЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛАДЫ.
Кәсіпорын әкімшілігі өткен жылы қатаң карантиндік шараларды енгізді және осы уақытқа дейін бетперде режимі сақталады, әр қабатта санитайзерлер бар, тазалау жұмыстары мұқият жүргізілуде және келушілермен жұмыс істеу барысында әлеуметтік қашықтық сақталады. Нәтижесінде пандемия басталғаннан бері, кәсіпорында коронавирустық инфекцияның өршуі тіркелген жоқ. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і тіршілік көзін қамтамасыз ететін кәсіпорын, сондықтан, мұнда алдын-алу шараларына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
"Қазір біз вакцинацияның бірінші кезеңін өткізе бастадық. Оған біздің бөлімшелеріміздің 200-ден астам қызметкері қатысады. Вакцинацияны № 1 қалалық емханасының дәрігерлері жүргізеді" – деп хабарлады, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәкенов.
Кәсіпорында орталық диспетчерлік қызметінің басшысы Арман Болатбеков вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдады. Оның лауазымы ең жауапты, сондықтан, ол және оның қол астындағы жұмысшыларының дені сау болуы керек.
«Мен COVID-19 вакцинациясына бірден келісім бердім, бұл мен үшін және менің жақындарым үшін маңызды. Біздің кәсіпорын қалаға ауыз су жеткізуге жауап береді, бұл өте жауапты міндет – біздің деніміз сау болу керек» - деп, "Cу ресурстары-Маркетинг" ЖШС ОДҚ бастығы өз пікірін білдірді.
Вакцинация ретінде «Спутник- V» препараты қолданылады, үш аптадан кейін, "Cу ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де вакцинацияның екінші кезеңі басталады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары