Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.04.2021
ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ СУ ЕСЕПТЕГІШТЕРІ ОРНАТЫЛАДЫ.
Мұрат Әйтенов "Су ресурстары-Маркетинг "ЖШС-нің сумен жабдықтау және кәріз саласындағы өндірістік процестерді цифрландыру барысымен танысты.
Мекеме басшысы Анарбек Орман "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында, биыл кәсіпорындарда 3700 ақылды су есептегіш құралы орнатылатынын атап өтті. Осылайша, коммерциялық құрылымдардың 86% - ына адам факторының қатысуынсыз қызмет көрсетіледі. Алдағы бес жылда барлық тұтынушылар үшін, ақылды су есептегіштерін орнату жоспарлануда.
Анарбек Орманның айтуынша, бүгінгі таңда қаланың 7243 заңды тұлғасының 2500-і электронды басқару функциясы бар "IC-card" ақылды су өлшегішін пайдаланады.
Су арнасы 2025 жылға дейін, Шымкент қаласын сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағдарламасы жүзеге асырылуы тиіс деп сендірді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты