Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.04.2021
ЖОЛДЫҢ БЕТКІ ЖАҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен жұмыс істейтін бөлімшелер мен мердігерлік ұйымдар, су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін, көшелердегі асфальтті қалпына келтіруге кірісті. Күнделікті жұмыс жүргізілуде, бұл бағытта асфалтьтөсегіш іске қосылды.
"Біздің кәсіпорын су құбыры желілерін қайта құру және ауыстыру жұмыстары жүргізілген көшелердегі асфальтті қалпына келтіруге кірісті. Жалпы 29 көшеде жұмыс жүргізілетін болады. Сәуір айынан мамыр айының аяғына дейін. Қала тұрғындарынан осы жүргізілетін жұмыстаға түсінушілікпен қарауын сұраймыз. Автокөліктеріңізді жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерде қалдырған кезде, байланыс телефондарыңызды жазып қалдыруларыңызды өтінеміз", - деп хабарлады "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Бұлан Тұрлыбеков.
Өткен аптаның соңында Байтленов көшесінде су құбыры желісі ауыстырылды. Жақын арада Гагарин көшесіне асфальт төселіп, кәріз коллекторын қайта жөндеу үшін, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты