Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 19.04.2021
2021 ЖЫЛҒЫ МАМЫР АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЛАЙ ДЕМАЛАДЫ?
3 мамыр мерекесі -1, 7 және 9 мамыр қазақстандықтарға айдың басында ұзақ демалыс беріледі.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңның 3 бабына сәйкес, 2021 жылдың мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:
1. Қазақстан халқының бірлігі -1 мамыр, сенбіге келеді және ауыстыру есебінен 3 күн демалыс болады.
2. Отан қорғаушылар күні-7 мамыр, жұмаға келеді, 1күн қосымша демалыс беріледі.
3. Жеңіс күні-9 мамыр, жексенбіге келеді және ауыстыру есебінен қосымша демалыс беріледі.
Осылайша, қазақстандықтар:
Аптасына бес күндік жұмыста – 1, 2, 3 мамырда - демалады, 4, 5, 6 - жұмыс істейді, 7, 8, 9, 10 демалады. 11 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.
Аптасына алты күндік жұмыста: 1, 2 мамырда - демалу, 3, 4, 5, 6 - жұмыс істеу, 7 - демалу, 8 - жұмыс істеу, 9, 10 - демалу. 11 мамырдан бастап жаңа жұмыс күні басталады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты