Жаңалық - Микс
новость от 21.04.2021
ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ 6 ҚЫЗҒАЛДАҚ ҮШІН 9 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТӨЛЕЙ МЕ?
Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңындағы жайылымда байқаған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал жұлған гүлдерді сараптамаға берді. Ұсталған адамға қатысты ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген гүлдерді жұлып, заңды бұзатындарға қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты