Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 26.04.2021
АРМЕНИЯДАН КЕЛГЕН КӨЛІКТЕРГЕ ЕКІ РЕТ САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ.
2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан көлік әкеліп, ҚР-да есепке қойған қазақстандықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік салығын төлейді.
Қазақстан мен Армения қаржы министрліктері 2006 жылғы 6 қарашадағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес өзара уағдаластыққа келді.
Келіссөздер нәтижесінде 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армениядан әкелінген, Қазақстан резиденттеріне меншік құқығы бойынша, тиесілі көліктерге тек Қазақстанда ғана салық салынуға тиіс деген келісімге қол жеткізілді. Екі мемлекеттің салық органдары ҚР-да тіркелген күнін көрсете отырып, тіркелген көлік бойынша мәліметтер алмасуды жүргізеді және қосарланған салық салу туындамайды. Егер көлік 2020 жылғы 1 қарашада тіркеу есебіне қойылса, 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей 2020 жылғы қараша мен желтоқсан үшін, бюджетке көлік салығын төлеу қажет. Олай болмаған жағдайда, әрбір мерзімі өткен күн үшін, өсімпұл есептеу жүзеге асырылады.
барлық дауыс: 5662
дауыс мұрағаты