русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 26.04.2021

«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА 2020 ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРДІ.
Карантинге байланысты қоғам өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері іс-шараға интернет платформалар арқылы қатысты. Бұдан басқа, есеп «Facebook» әлеуметтік желілердегі "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аккаунтында тікелей эфирде көрсетілді және пайдаланушылар өз сұрақтарын қоя алды.
Кәсіпорынның бас директоры Анарабек Орман 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтып өтті. Бұл-өндірістік қуаттарды жаңғырту, су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру және қайта жаңарту, цифрландыру, тұтынушылармен жұмысты күшейту. Коронавирус індетіне қарамастан, қала тұрғындары үздіксіз сапалы ауыз су алып отырды, бұл кәсіпорын жұмысының басты көрсеткіші. 2021 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС осы бағытта жұмысын жалғастырады.
Есеп беру барысында кәсіпорынның бас директорына бірқатар сұрақтар қойылды, оның бірі қаладағы кәріз желілеріне қатысты. Жеке сектор тұрғындарының 10 пайыздан азы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген, бұл өте төмен көрсеткіш. Анарбек Орман, өз кезегінде, осы мәселе бойынша қала әкімінің қабылдауында болып, мәселенің талқыланғанын, бұл жағдайдан шығу жолдары қарастырылатынын хабарлады.
Есептің толық нұсқасын «Facebook» қосымшасындағы "Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-нің аккаунтынан көре аласыздар.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары