Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.04.2021
ЖИЫРМА АБОНЕНТ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КӘРІЗ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ СЫЙЛЫҚТАР АЛАДЫ.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де сумен жабдықтау және кәріз бойынша жүлделі көлемдеріне сыйлық сертификаттарының ұтыс ойыны өткізілді. Кәсіпорын тұтынушыларының ұтыс ойынына қатысу үшін, ең басты шарт – «Telegram» қосымшасындағы «wrm_bot» сілтемесі бойынша тіркелу.
Жалпы алғанда, акцияға 40 мыңнан астам абонент тіркелді. Дәл осындай азаматтар бүгінде төлем құжаттарын электронды форматта алуды жөн көреді. Чат-ботты пайдалану оңай және ыңғайлы, ол сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қатысты барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Акция барысында 5;10;15 текше метр көлемінде сумен жабдықтау және кәріз бойынша 20 сыйлық сертификаты ойнатылды. Жеңімпаздарды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін, іс-шара «Instagram» әлеуметтік желісіндегі кәсіпорынның аккаунтында тікелей эфирде көрсетілді.
Жеңіске жеткен тұтынушылардың жеке-шоттары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің «wrm.kz.» сайтында және «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунттарында жарияланды. Келесі ұтыс ойыны тікелей эфир арқылы «Instagram» әлеуметтік желісінде сағат 15.00-де 2021 жылғы мамыр айының 5 жұлдызында өтеді.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты