Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 27.04.2021
ҚАРАҒАНДЫ МАҢЫНДАҒЫ АУЫЛДА ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТЖ ЖАРИЯЛАНДЫ.
Қарағанды облысының Доскей ауылында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, оған жақын маңда қоқыс полигоны жанып жатыр.
Жақында, полигон бір аптадан астам уақыт бойы жанған болатын. ТЖД мәліметінше, жану алаңы 1200 шаршы метрді құрады, қоқыстың биіктігі 3 метрге жетті. Көптеген жанғыш материалдардың әсерінен өртті сөндіру қиындады.
25 сәуірде полигон қайтадан өртенді және әлі күнге дейін түтіндеп жатыр. Оқиға фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары әдейіленіп өрт қойылуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармайды. Жағдай тұрақты, адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіп жоқ.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5544
дауыс мұрағаты