Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.05.2021
ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІС МӘСЕЛЕСІ.
2021 жылдғы сәуір айының соңында Ынтымақ-2 ықшамауданының тұрғындары кәріздік тазарту құрылғылары (КТҚ) тарапынан жағымсыз иіс пайда болғанын хабарлады. Осыған байланысты Абай ауданының әкімі, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы және "Су ресурстары Маркетинг" ЖШС бас директоры мәселені шешудің жолдарын талқылады.
"Су ресурстары Маркетинг" ЖШС басшысы А.Орман тұрғындармен кездесуде, технологияларға сәйкес Албасты сай карьеріне кәріздік тазарту құрылыстарынан (КТҚ) шикі тұнба түсетінін түсіндірді. Тұрғындардың наразылығын ескере отырып, жағымсыз иісті болдырмау үшін, заманауи әдістер қолданылмақшы. Иістермен күресуге арналған "Дымқыл тосқауыл" жүйесін іске қосуға дайындық үстінде. Оны орнатудың соңғы кезеңдері жүріп жатыр.
Сонымен қатар, кәсіпорын Албасты сайды өндірістік мақсаттар үшін пайдалануға Экология департаментінен 10 жылға рұқсат алды. Бұл үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС экологиялық ортаға түсетін жүктеме үшін, қосымша салықтар мен эмиссиялық жарналар төлейді. Шөгінді карьердің түбінде жиналып, құрғап кеткен, іс жүзінде иісі жоқ. Алайда, қалада нөсер кәріздерінің болмауы жаңбыр суының Албасты сайға ағып келуіне әкелді. Тереңдігі шамамен 25 метр болатын Карьер толып, түбіндегі тұнба суланып, өткір иіс пайда болған.
Қосымша құбырдан келетін лас сулар (жаңбыр суы және Тұлпар көлінің артық суы) мәселесі бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков мынаны хабарлады:
"Бұл мәселені тез арада шешу үшін, жауапты мекемелерден арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Бір апта ішінде мәселенің мән-жайы анықталып, тиісті шаралар қабылданады".
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты