Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.05.2021
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі кең ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге келді. Елдер арасындағы шекарада "Орталық Азия " халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы салынады.
Тараптар Қазақстанның Өзбекстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылық, транзиттік-көлік, туристік, ғарыш салалары, өнеркәсіптік кооперациясы, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, сондай-ақ өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелері туралы талқылады.
Автомобиль жасауда, АӨК өнімдерін қайта өңдеуде, сондай-ақ жоғары жылдамдықты "Түркістан-Шымкент-Ташкент" теміржол магистралін салуда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. "Орталық Азия" ХТО "Жібек Жолы" (ҚР) және "Гишт Куприк" (РУ) аудандарында орналасатын болады. Орталықтың жалпы ауданы 400 га құрайды, 35 мың адам және екі бағытта да тәулігіне 5 мың жүк автомобильдері өткізуге болады.
Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері өзара сауда деңгейін $10 млрд дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстандық тарап Өзбекстанның Сурхандария және Ферғана облыстарында, жалпы инвестиция көлемі $22,5 млн және ауыстырып тиеу қуаты жылына 67 мың тонна болатын, үш көтерме-тарату орталығын ашу арқылы ҚР мен ӨР арасында бірыңғай тауар өткізу жүйесін құруға қызығушылық білдірді.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты