Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 13.05.2021
ЖАПОНИЯ БИЛІГІ «ФУКУСИМА – 1» АЭС-НАН МҰХИТҚА СУ АҒЫЗУҒА РҰҚСАТ БЕРДІ
Жапония билігі «Фукусима-1» атом электр станциясынан радиоактивті заттардан тазартылған суды Тынық мұхитына ағызуға рұқсат берді.
Апаттық электр станциясын тоқтату үшін, 2011 жылы зақымдалған ядролық реакторларды салқындату мақсатында қолданылған суды жою қажет. АЭС аумағындағы резервуарларда барлығы 1,25 миллион тонна осындай су жиналды, сақтау орны қалмады.
Билік судың радиоактивті заттардан, соның ішінде стронций мен цезийден тазартылғанын айтады. Алайда, тритийден - сутектің радиоактивті изотопынан сұйықтықты тазарту мүмкін болмады, бірақ үкімет төмен концентрацияда денсаулыққа үлкен қауіп төндірмейтініне сенімді.
Суды Тынық мұхитына ағызу перспективасы жергілікті балықшыларды да, көрші елдерді де алаңдатуда.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты