Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.05.2021
МӘСЕЛЕ! САНИТАРИЯЛЫҚ-ҚОРҒАНЫШ БЕЛДЕУІН БҰЗУ
Магистральды су құбыры желілері бойындағы санитарлық қорғау жолағының бұзылуы қалалық коммуналдық инфрақұрылым үшін маңызды проблемалардың бірі болып қалуда. Жеңіл құрылымдар мен көгалдандыруға арналған учаскелерді алған кейбір үй иелері нысаналы мақсатын бұзды. Алаңдар күрделі құрылыстарын салу, қоймалау және бизнес-объектілер үшін пайдаланылады.
"Мұның бәрі желілерге қызмет көрсетуді қиындатады, одан әрі пайдалану қаупін тудырады. Бірақ, ең бастысы, мұндай ғимараттардың иелері үшін материалдық тұрғыдан ғана емес, апат болған жағдайда, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді". -деп есептейді, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов.
Диаметрі 1000 миллиметр болатын магистральда авария болған жағдайда, жоғары қысымда су айналаның бәрін жуып кетеді. Бұл өте қауіпті. Сонымен қатар, Нұртас шағын ауданында және Ворошиловка кентінің маңында осындай су құбырлы бірнеше құрылыс салынды. Мұндай учаскелердің иелері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдерінің өтініштерін елемейді.
"Біз қаланың уәкілетті мемлекеттік органдарынан осы күрделі мәселеге, яғни, су құбыры және кәріз желілерін бойлай құрылыс салу кезінде, құрылыс нормалары мен қағидаларын бұзғандарға назар аударуды сұраймыз", -деп, жауапты мемлекеттік органдарға жүгінді Бежан Ешімбетов.
Сонымен қатар, кәсіпорын мұндай бұзушылықтар бойынша материалдарды одан әрі сот инстанцияларына беру үшін жинауды жүргізеді. Су құбырлары бойындағы санитарлық қорғаныс жолағын бұзған учаскелердің иелері өздерінің қателіктеріне байланысты, материалдық шығындарға ұшырауы мүмкін.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты