русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Микс

новость от 17.05.2021

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ ЕРТЕРЕК БАСТАЛАДЫ

Шымкентте күрт жылынуға байланысты, шомылу маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады. Ресми түрде шомылу маусымы әлі жарияланған жоқ, бірақ балалар шомыла бастады.
Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын және шомылу маусымына дайындықты түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Қауіпсіздік-адам өміріндегі маңызды факторлардың бірі. Осыған байланысты, аталған департамент өз құзыреті шеңберінде өңірдің су айдындарында ересектер мен балалардың өліміне жол бермеу шараларын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта, Шымкент қаласының аумағында шомылуға рұқсат етілген 5 демалыс аймағы бар. Олар Тоғыс су қоймасындағы "Холодильник" демалыс аймағы, Бадам су қоймасындағы "Рахат Бадам" демалыс аймағы, Қошқар ата өзенінің бастауы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл және "Жайлаукөл".
Көрсетілген демалыс аймақтарының иелері демалушылардың қауіпсіздігі үшін тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде.
Сонымен қатар, "Қауіпсіз жаз" акциясы аясында Департамент қызметкерлері қалада бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жариялайды, сұхбаттар ұйымдастырады, сондай-ақ тұрғындармен әңгімелесулер өткізеді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары