Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.05.2021
СУ ӨЛШЕУ ТОРАПТАРЫН ЖЕР АСТЫНА КӨШІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і суды есептеу құралдарын жер асты камераларына көшіру жұмыстарын жүргізуде. Бірінші кезекте, мұндай жұмыс үш және одан да көп су өлшеуіштер үшін арнайы бөлінген жерлерде жүргізілетін болады.
- «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өз қаражаты есебінен, су өлшеуіштерді жерасты камераларына көшіру жұмыстарын бастады. Бұл қала көшелерінің сыртқы келбетін жақсарту, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін жасалады. Кәсіпорын « көшіру» бойынша барлық шығындарды өз қаражатынан жұмсайды. Биыл біз 50-60 жерасты камерасына көшіруді жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС су ресурстары инспекциясының басшысы Әсетулла Әшірімбет.
Жерасты камераларының арқасында қала көшелерінің сыртқы келбеті ғана жақсарып қоймайды, есепке алу құралдары мен арнайы бөлінген камераларының өзі вандалдардың шабуылына ұшырамайды және қыста қатты аяздарда су өлшеуіштер қатып қалмайды, яғни оларды жылытудың да қажеті болмайды.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты