Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.05.2021
ШЫМКЕНТ СУ ТАРАТҚЫШТАРЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР
Назар аударыңыз! Шымкентті сумен жабдықтаудың жазғы режиміне көшуге байланысты "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қызметкерлері магистралдық су таратқыштарда жоспарлы жұмыстар жүргізетін болады. Осыған байланысты, 2021 жылғы 27-28 мамырға қараған түні қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде 22.00-ден 10.00-ге дейін (болжамды уақыт) ауыз су беру тоқтатылады. Қалалықтардан алдын ала су жинап, сабырлық сақтауды сұраймыз.
Сумен жабдықтаудан келесі ауыл жерлер ажыратылады: Қарасу және Ақбай. "Нұртас", "Север", "Восток", "Шапағат", "Наурыз", 16-шы, 17-ші, 18-ші, жоғарғы және төменгі "Отырар" шағын аудандары, ІІМ мектебінің ауданы, "Сайрам", Кіші "Самал". Көшелер: Сухэбатор, Ерімбетов және Адырбеков (Верещагин көшесіне дейін), Диваев (аудандағы биіктік секторы), Дулати (Орманов көшесіне дейін), Шаймерденов және Құрманғазы (Жандосовқа дейін), Қонаев даңғылы (Жандосов көшесіне дейін), Байтұрсынов (№84; 84А; 86; 86а; 92; 94 үйлер, Кардиология және онкологиялық орталық) және Рысқұлов көшесінің бойындағы Байтұрсыновтан Өтегеновке дейінгі жеке құрылыстар.
Диспетчерлік қызметтің телефоны: 8(7252) 32-12-74; +77081102121.
барлық дауыс: 5075
дауыс мұрағаты